Оңтүстік Корея медицина факультетінің студенттері 17 айлық бойкоттан соң оқуды қайта бастамақ
АСТАНА. KAZINFORM – Үкіметтің медициналық жоғары оқу орындарындағы орындар санын кеңейту бойынша жоспарына қарсы байкот жариялаған медицина факультетінің студенттері оқуды қайта бастағандарын мәлім етті, деп жазады Yonhap.

Кореялық медициналық білім алып жатқан студенттер қауымдастығы Ұлттық жиын комитеттері мен Корея медицина қауымдастығымен білім беру және әл-ауқатқа байланысты өткен баспасөз-мәслихаты барысында мәлімдеме жасады.
- Біз Ұлттық жиналыс пен үкіметке сенім арта отырып, оқуды қайта бастаймыз және медициналық білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін дұрыстау үшін жұмыс істеуді міндетімізге аламыз, - делінген хабарламада.
Алайда олардың оқуды қай уақытта бастайтындықтары нақты айтылмаған.
Студенттер сонымен қатар үкіметті академиялық тізімді қалпына келтіріп, медициналық дайындық шарттарын ұзақмерзімді жақсарту үшін консультативті орган құруға шақырды.
Мәлімдеме тәжірибе жинап жүрген мыңдаған дәрігер жұмысты тастап, ал көптеген медициналық білім алып жүрген студенттер өткен жылдың ақпан айында байкот жариялап, сабаққа бармай қойғаннан кейін 17 айдан соң жасалды.
Осылайша, олар үкіметтің биылғы жылдан бастап, медициналық оқу орындарына қабылдау орнын 2 мыңға көбейту туралы шешіміне қарсы шықты. Олардың сөзінше, бұл шара медициналық білім беру мен көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етеді.
Осыған дейін Оңтүстік Корея үкіметі халыққа 110 доллардан тарататыны туралы жаздық.