Жапония мен Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз референдумда дауыс беруді бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Шетелде ұйымдастырылған референдум учаскелері Сеул мен Токиода дауыс беру үшін ашылды. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Оңтүстік Корея мен Жапониядағы отандастарымыз референдумда дауыс беруді бастады
Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі шетелдегі референдум учаскелерінде еліміздің жаңа Конституциясы бойынша референдумде дауыс беру барысын жария ету жұмысын бастады.

Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар референдумда дауыс беруді бастады
Фото: ҚР СІМ
Оңтүстік Корея мен Жапониядағы отандастарымыз референдумда дауыс беруді бастады
Фото: ҚР СІМ

Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.

Ең бірінші болып қазақстандықтар Корея мен Жапонияда дауыс беруге мүмкіндігі бар.

Сеулде №422 және Токиода №425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.

– Шетелдегі барлық референдум учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің каналымызда жүйелі түрде берілетін болады, – делінген СІМ хабарламасында.

Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар референдумда дауыс беруді бастады
Фото: ҚР СІМ
Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар референдумда дауыс беруді бастады
Фото: ҚР СІМ
Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар референдумда дауыс беруді бастады
Фото: ҚР СІМ
Оңтүстік Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар референдумда дауыс беруді бастады
Фото: ҚР СІМ

Еске сала кетсек, референдум күні 54 елдегі Қазақстан азаматтары дауыс бере алады. 

Ал Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына, Украина мен Эфиопиядағы қауіпсіздік деңгейінің төмендігіне байланысты 10 елдегі 11 учаскенің жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар