Оңтүстік Корея оппозициясының лидері пышақ жарақатын алды

«Тобуро» демократиялық партиясының жетекшісі Ли Чжэ Мён Пусан қаласындағы әуежайдың құрылыс алаңына барған кезде, белгісіз біреу шабуыл жасаған. Құлап, қансыраған саясаткер дереу ауруханаға жеткізілді. Kazinform бұл туралы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Yonhap.
Фото: Yonhap

Агенттік шабуылшының оқиға орнында ұсталғанын мәлімдеді.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл жедел тергеуді тапсырып, Лиге қолдау білдіргенін жазды президент кеңсесі.

«Юн біздің қоғам ешқашан, ешбір жағдайда мұндай зорлық-зомбылық әрекеттеріне жол бермеу керек екенін атап өтті», - делінген хабарламада.

Соннамның бұрынғы мэрі Ли Чжэ Мён 2022 жылдың ортасынан бері «Тобуро» демократиялық партиясын басқарады. Ол 2022 жылдың наурыз айында өткен президенттік сайлауда Юн Сок Ёлдан аз ғана дауыспен кем түсті.