Оңтүстік Корея президенті партиясының басшысы отставкаға кетті
АСТАНА. KAZINFORM – «Азаматтық күш» төрағасы Хан Дон Хун Оңтүстік Кореяда әскери жағдайдың енгізілуінен зардап шеккендерден кешірім сұрады, деп хабарлайды Kazinform DW ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёлға импичмент жарияланған тұста «Азаматтық күш» партиясының төрағасы Хан Дон Хун отставкаға кетуге өтініш білдірді. Құрамында биліктен қуылған президентті ашық қолдайтын фракция бар партия төрағасы бұл шешімін 16 желтоқсан, дүйсенбі күні Сеулде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Ханның айтуынша, ол «жоғарғы кеңестің іс жүзінде ыдырауына» байланысты бұдан былай партия жетекшісі қызметін атқара алмайды. Оның мүшелері де бұрын отставкаға кететінін жариялаған, деп хабарлады оңтүстік кореялық KBS World медиа компаниясы. Сондай-ақ саясаткер Юн Сок Ёлдың желтоқсан айының басында Оңтүстік Кореяда әскери жағдай енгізу туралы шешімінен «зардап шеккен» ел азаматтарынан кешірім сұрады.
«Азаматтық күш» құрамына үш фракция кіреді, олар басқаларымен қатар Юн Сок Ёлмен қарым-қатынасымен ерекшеленеді. Шартты түрде оларды блокқа барынша ықпал ететін президентті жақтайтын, бейтарап фракция және Юнды сынауға рұқсат берген. Бірақ оның жақтастарымен бір блокта болуын жалғастырған фракция деп бөлуге болады. Соңғы фракцияны Хан Дон Хун басқарды, ол бұған дейін Юнның отставкаға кетуін талап еткен.
Енді «Азаматтық күш» төрағасының міндеттерін жаңа басшысы тағайындалғанша Юнды ашық жақтайтындар қатарына кіретін Квон Сон Дон басқаратын болады.
Бұған дейін Оңтүстік Корея президентінің тағдырын Конституциялық сот шешетінін жазған болатынбыз.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы өткен аптада әскери жағдай енгізу әрекетіне қатысты Юн Сок Ёл мен жеті шенеунікті тез арада қамауға алуды талап ететін қарар қабылдады.
Сондай-ақ Оңтүстік Корея парламенті президент Юн Сок Ёльға қатысты айыптауларды тексеру үшін арнайы прокурор тағайындау туралы заң жобасын қабылдады.
Бұған дейін Оңтүстік Корея президентіне сапарға шығуға тыйым салынды. Елден шығуға тыйым салу Юн Сок Ёль жариялаған әскери жағдайға байланысты тергеу амалдары үшін қажет болды.