Оңтүстік Корея президентінің резиденциясына полиция қызметкерлері кедергісіз кірді
АСТАНА. KAZINFORM - Сейсенбі күні президент резиденциясын күзететін әскери бөлім Юн Сок Ёльды ұстау үшін полиция мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерінің президент резиденциясына кіруіне рұқсат берді. Бұл қадам Юн Сок Ёльды екінші рет ұстау әрекетін жеңілдетеді, деп жазады Yonhap.

Аталған бөлімше президент резиденциясының сыртқы периметрін қорғауға жауапты екенін айта кеткен жөн.
Бірақ бұған дейін Президенттің Күзет қызметі резиденцияға күш қолдану «заңсыз» болатынын алға тартып, мұның алдын алуды көздейтінін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік,
Оңтүстік Кореяның биліктен шеттетілген президенті Юн Сок Ёльге импичмент жариялау ісі бойынша бірінші тыңдау 4 минутта бітіп қалды.
Сондай-ақ бұған дейін Сеулде шерушілер Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентін қамауға алуды талап еткенін хабарлаған едік.