17:00, 29 Шілде 2024 | GMT +5
Оңтүстік Корея шетелдік үй қызметкерлері есебінен туу санын арттырмақшы
АСТАНА. KAZINFORM - Оңтүстік Корея шетелдік үй қызметкерлері есебінен бала тууды арттыруға ниетті, деп жазады Financial Times.

Пилоттық жоба бойынша 100-ге жуық филиппиндік азамат Сеулге келіп, үй шаруасымен айналысады.
Билік корей әйелдеріне түсетін салмақты азайтып, олар балалы бола бастайды деп жоспарлайды. Егер жоба тиімді болып шықса, 2025 жылдың ортасына қарай Оңтүстік Кореяға тағы 1200 адам келеді, деп жазады басылым.
Оңтүстік Кореядағы туу деңгейінің төмен болуына байланысты 2044 жылға қарай экономикалық белсенді халық саны шамамен 10 миллион адамға азаятыны туралы бұрын хабарланған. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель жаңа агенттік құру арқылы елдегі туу деңгейінің төмендігімен күресу стратегиясын қайта қарастыратынын айтты.