Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен қарым-қатынасын жақсартуға ниетті

АСТАНА.KAZINFORM - Оңтүстік Кореяның Бірігу министрлігі сәрсенбі күні қарама-қайшылықты тоқтатып, бейбітшілікке қол жеткізу үшін кореяаралық қарым-қатынастарды жақсартуға күш салатынын растады, деп хабарлайды Yonhap.

Южная Корея подтверждает стремление к улучшению отношений с Северной Кореей
Фото: The Korea Herald

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның әпкесі Ким Ё Чжон Ли Чжэ Мён әкімшілігінің бітімгершілік ұсынысын тағы жоққа шығарып, Сеул Пхеньян үшін дипломатиялық серіктес бола алмайтынын айтты.

Ол сондай-ақ Ли Чже Мённың тарих бағытын өзгертуге қабілетсіз екенін айтты және Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттарының жалғасып жатқан бірлескен әскери жаттығуларын сынады.

-Ли Чжэ Мён үкіметінің Корей түбегінде бейбітшілік орнату жөніндегі белсенді шаралары бір тараптың мүддесін көздемейді, бірақ Оңтүстік және Солтүстік Кореяның тұрақтылығы мен гүлденуіне бағытталған, - делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік үкіметтің «дұшпандық пен текетірес дәуірін артқа тастап, Корей түбегінде бейбіт өмір сүру мен өзара дамудың жаңа дәуірін бастауға» ниетті екенін айтты.

Бұған дейін Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттарының бірлескен әскери жаттығуларын сынап, олар Солтүстік Кореяға қарсы «дұшпандық» ұстанымын растады деп мәлімдеді.

Өткен аптада Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён Солтүстік Кореяның саяси жүйесін құрметтейтінін айтып, шиеленісті бәсеңдету үшін 2018 жылғы кореяаралық әскери келісімді қалпына келтіру үшін жаңа қадам жасауға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар