Оңтүстік Кореяда нөсер салдарынан екі адам қаза тауып, мыңға жуық тұрғын көшірілді

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның орталық аймақтарындағы қатты нөсер салдарынан шамамен 1000 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Yonhap.

Проливные дожди в Южной Корее: около тысячи человек эвакуированы, есть погибшие
Фото: Yonhap

Төтенше жағдайлар қызметі Чхунчхон мен Кёнгидо провинцияларының оңтүстігінде дабыл деңгейін екінші деңгейге дейін көтерді.

Сәрсенбі күні Осан қаласында кетіп бара жатқан автокөлікке тіреу қабырға құлап, салдарынан жүргізуші қаза тапқан.

Сондай-ақ бейсенбі күні таңертең Сосан қаласында су басқан автокөліктен ер адам табылып, ауруханаға жеткізілгенімен, аман қалмады.

Метеорологтардың дерегі бойынша, сәрсенбі кештен бастап Сосан қаласында 344 мм жауын-шашын түскен. Жергілікті уақыт бойынша түнгі 1:46 мен 2:46 аралығында бір сағат ішінде 114,9 мм жауын жауып, бұл шілде айы үшін 1968 жылдан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш болды.

Бейсенбі таңына дейін ел аумағында нөсерге байланысты 26 шұғыл ескерту таратылған, олардың 25-і Чхунчхон провинциясына қатысты.

Синоптиктердің болжамынша, жауын сенбіге дейін жалғасады.

Бұған дейін хабарланғандай, Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, маусым айынан басынан бері Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 630-дан астам адам зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар