Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан гимнастары бес финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында ерлер арасындағы спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық гимнастар бес финалға жолдама алды
Фото: ҚР ҰОК

Бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының гимнастары бес финалға жолдама алды.

Милад Карими еркін мен кермедегі жаттығуларда жүлде үшін күреседі.

Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығулардың финалына шықты.

Дмитрий Патанин еркін жаттығулар бойынша финалға қатысады, ал Ілияс Әзізов ат снарядындағы жаттығуларда бақ сынайды.

Айта кетейік, Қазақстан боксшылары Нидерландта өтетін халықаралық турнирге қатысады.

Соңғы жаңалықтар