Оңтүстік Кореяда сайлау нәтижелерін бұрмалады деген күдікпен комиссия қызметкері қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяда 3 маусымда өткен жергілікті сайлау кезінде құжаттарды қолдан жасады деген күдікке ілінген өңірлік сайлау комиссиясының қызметкерін қамауға алуға сот санкция берді, деп хабарлайды The Korea Times.

Задержание
Фото: Yonhap

Тиісті шешімді Сеулдің орталық аудандық соты қабылдады.

Тергеу мәліметінше, Ли тегімен белгілі қызметкер дауыстарды санау хаттамасын жасырды және қолдан жасады деген күдікке ілінген. Сот оның бостандықта жүрген жағдайда дәлелдемелерді жоюы мүмкін екенін ескерген.

Іс бойынша барлығы сайлау органдарының сегіз өкілі тергеліп жатыр. Олардың арасында Ұлттық сайлау комиссиясының үш қызметкері бар. Қалған жеті күдіктіні қамауға алу туралы өтінішті сот қанағаттандырмады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, маусымдағы сайлау кезінде 30 жергілікті комиссия сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіштері туралы қате мәлімет ұсынған. Кейін қорытынды көрсеткіштер түзетілген.

– Болжамды заңбұзушылықтар сайлау құжаттарын тексеру және комиссиялардың 70-тен астам қызметкерінен жауап алу барысында анықталды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр, – делінген жарияланған ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің сайлау заңнамасын бұзуға қатысты ісі апелляциялық сотта қаралатыны хабарланған еді. Іс оның 2021 жылғы президенттік сайлау науқаны қарсаңында жалған мәлімдеме жасады деген айыппен байланысты.