Оңтүстік Кореядағы турнирде шыңжаңдық екі қазақ балуаны топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі (ШҰАӨ) ұлты қазақ балуандар Санджу қаласында (Оңтүстік Корея) күрес түрлерінен өткен Korea Open  халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. 

турнир
Фото: slstnews.xjtvs.com.cn

Шыңжаң радио және телевидение станциясының хабарлауынша, Кабиран Абушайманұлы еркін күрестен ерлер арасында 97 келі салмақта чемпион атанса, Уәлихан Серікұлы ерлер арасында грек-рим күресінен 67 келі салмақта топ жарды. 

 slstnews.xjtvs.com.cn
Фото: slstnews.xjtvs.com.cn

Айта кетейік, Уәлихан Серікұлы – Токиода өткен Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ал Кабиран Абушайманұлы – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қатысушысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Санджу қаласында күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстандық спортшылар бұл cпорттық бәсекеде алты медаль жеңіп алды. 

Соңғы жаңалықтар