Оңтүстік Кореяға бұрын-соңды болмаған жауын жауды
АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысында нөсер жауын салдарынан 2,5 мыңнан астам тосын оқиға бойынша шығын келтірілді, деп хабарлайды Yonhap.
Оңтүстік Кёнсан провинциясына жауған нөсер жауын салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды. 560-тан астам адам эвакуацияланды.
Электр қуаты үзіліп, сумен жабдықтауда да қиындықтар туындады.
Елдің бірнеше аймағында жауын рекордтық деңгейге жетті.
Korea Herald газетінің хабарлауынша, Оңтүстік Кёнсан провинциясында екі күнде жаздың орташа көрсеткішіне тең жауын-шашын жауған, екі қала — Кодже және Тонъён қалаларында бір тәуліктікте-ақ рекордтық деңгейдегі жауын-шашын тіркелген.
Бұған дейін Жапонияда нөсер жауын алты адамның өмірін қиғанын жазғанбыз.