Оңтүстік Кореяға келген шетелдік туристер саны рекордтық деңгейге жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяға келетін шетелдік туристердің саны биыл алғаш рет 20 миллионнан асты. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.
Бейсенбі күні Оңтүстік Кореяның мәдениет, спорт және туризм министрінің екінші орынбасары Ким Дэ Хён Сеулдің негізгі қақпасы - Инчхон халықаралық әуежайына барып, 20 миллионыншы шетелдік туристі қарсы алды.
Оңтүстік Кореяға 2012 жылы 10 миллион шетелдік турист келген. Сол көрсеткішті екі есеге арттыру үшін елге 14 жыл қажет болды.
Келушілердің рекордтық саны бірнеше факторларға байланысты. Дегенмен Оңтүстік Корея поп-мәдениетінің жаһандық деңгейде танымал болуы және елдің шетелдік туристерге деген қонақжайлылығы басты себеп болып отыр.
Елдің мәдениет, спорт және туризм министрі Чэ Хви Ён бұл жетістік Оңтүстік Кореяның «негізгі туризм державасына» айналу жолындағы «бастапқы қадамы» болатынын мәлімдеді.
Бұған дейін K-pop Оңтүстік Кореяға рекордтық деңгейде турист тартып отырғанын хабарлаған едік.
Оңтүстік Кореяның BTS тобы Spotify платформасында рекорд орнатты.