Оңтүстік Кореяның BTS тобы Spotify платформасында рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның әйгілі BTS тобы Spotify платформасында бір жыл ішінде 10 миллиард тыңдалым жинаған әлемдегі алғашқы музыкалық топ атанды, деп хабарлайды Yonhap.

Южнокорейская группа BTS установила рекорд на Spotify
Фото: Yonhap

BTS тобының Spotify платформасындағы әндері биыл өткен жылмен салыстырғанда екі еседен астам тыңдалып, жалпы тыңдалым саны 9 миллиардтан асты. Бұған топтың 2026 жылғы наурызда жарық көрген бесінші студиялық альбомы — Arirang ықпал етті.

Альбом жарық көргелі бері Spotify платформасында 5 миллиардтан астам рет тыңдалған. Осылайша Arirang 2026 жылы платформада жарық көрген альбомдар арасында тыңдарманның ең жоғары сұранысына ие туынды атанды.

BTS тобының Arirang альбомы төрт жылға жуық үзілістен кейінгі алғашқы толыққанды жобасы ретінде көпшіліктің назарын аударды. Топ мүшелері міндетті әскери қызметін аяқтап, қайта бас қосқаннан кейін жарық көрген альбом 20 наурызда, релиз күні, 110 миллионнан астам рет ойнатылды.

Айта кетейік, бұған дейін Spotify платформасында бір жыл ішінде 10 миллиард тыңдалым межесіне Тейлор Свифт, Ариана Гранде және Bad Bunny секілді жеке орындаушылар жеткен. Ал BTS бұл көрсеткішке қол жеткізген әлемдегі алғашқы музыкалық топ болды.

Бұған дейін BTS тобының танымалдығы Оңтүстік Кореяға келетін туристер санының рекордтық деңгейге жетуіне ықпал еткені хабарланған болатын.