Оңтүстік Кореяның биліктен шеттетілген президенті жауап алуға келуден тағы бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл ол ұсталғаннан кейін үшінші күні болды, деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігі. 

 Оңтүстік Кореяның биліктен шеттетілген президенті жауап алуға келуден тағы бас тартты
Фото: ohmynews

Жұма күні Оңтүстік Кореяның биліктен шеттетілген президенті Юн Сок Ёль әскери жағдайды енгізу әрекеті бойынша жауап алуға келуден тағы бас тартты.

Сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы (CIO) денсаулығына байланысты алдыңғы жауап алуды өткізіп алған соң, оны таңғы сағат 10-да (жергілікті уақыт бойынша) келуін талап етті.

- Президент бүгін CIO-ға келмейді, - деді оның адвокаты және көптен бері досы Сок Донг Хен Yonhap агенттігіне.

Юн сәрсенбі күні кешке тергеушілер оны резиденциясында ұстап, СІO кеңсесіне апарған кезден бастап уақытша ұстау абақтысында отыр.

Ол Сеулдің орталық аумақтық сотына өзін ұстаудың заңдылығын тексеру туралы өтініш берді. Бірақ сот бейсенбі күні кешке оны қабылдамай, Юн Сок Ёльді қамауда қалдырды.

CІO жұма күні кешке 48 сағаттық қамау мерзімі аяқталғанға дейін Юнды тұтқындауға ресми ордер беру үшін өтініш береді деп жоспарланып отыр.

Оңтүстік Кореяның биліктен қуылған президенті Юн Сок Ёль сәрсенбі күні әлеуметтік желіде өз қолымен жазған мәлімдемесін жариялады. 

Соңғы жаңалықтар