Оңтүстік Кореяның BTS тобы Жапонияда рекорд орнатты

АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның K-pop жұлдыздары BTS тобының Жапония музыка нарығындағы тыңдалымы 10 миллиардтан асты. Yonhap агенттігінің хабарлауынша бұл тарихи рекорд.

Оңтүстік Кореяның BTS тобы Жапонияда рекорд орнатты
Фото: Kyodo

Billboard Japan мәліметтері бойынша, BTS-тің 27 әні кемі 100 миллион мәрте тыңдалған. Ең танымал ән «Dynamite» тыңдалымы 1 миллиардтан асса, ал «Butter» 600 миллион мәрте тыңдалған.

Топтың жетістігі олардың альбомдарына да қатысты. BTS-тің наурыз айында шыққан бесінші студиялық альбомы «Arirang» жылдың бірінші жартысында Billboard Japan-ның біріктірілген альбомдар кестесінде бірінші орын алды, сонымен қатар CD сатылымы мен тыңдалымы бойынша кестелерде көш бастады.

Сонымен қатар топ «Arirang» әлемдік турын жалғастырып отыр. Бейсенбі күні BTS Қытайда Азия-Аустралия кезеңінің алғашқы концертін өткізді.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның BTS тобы Spotify платформасында рекорд орнатқаны хабарланған.

K-pop Оңтүстік Кореяға рекордтық деңгейде турист тартып отыр.

Оңтүстік Корея туристері Жапонияға жиі бара бастады.