Оңтүстік өңірлердің дамуы талқыланды: қай елді мекендерді бірінші қаржыландыру керек

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Тараз, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының әкімдерімен оңтүстік өңірлердің дамуын талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік өңірлердің дамуын талқыланды: артта қалған елді мекендерді бірінші қаржыландыру керек
Фото: Үкімет

Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Тараз қаласында Премьер-Министрдің орынбасары елдің оңтүстік өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы және «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, сондай-ақ Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы қатысты.

Оңтүстік өңірлердің дамуын талқыланды: артта қалған елді мекендерді бірінші қаржыландыру керек
Фото: Үкімет

Әкімдіктерге жаңа Бюджет кодексі аясында Өңірлік стандарттар жүйесін ескере отырып, бюджеттік жоспарлау ережелері түсіндірілді.

— 2024 жылдың қорытындысы бойынша Өңірлік стандарттар жүйесі бойынша нысандармен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі: Жамбыл облысында — 74,1% (ел бойынша 4-орын), Түркістан облысында — 66,3% (14-орын), Қызылорда облысында — 66,8% (6-орын), Шымкент қаласында — 87,9% (2-орын). Жалпы алғанда, барлық оңтүстік өңірлерде бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден — 66,1% жоғары, — делінген хабарламада.

Оңтүстік өңірлердегі экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші — ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес. Бұл өңірлер азық-түлік өнімдерінің ірі өндірушілері және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып отыр. Дегенмен, өңірлер үшін негізгі мәселелердің бірі — инфрақұрылымды жаңғырту.

Оңтүстік өңірлердің дамуын талқыланды: артта қалған елді мекендерді бірінші қаржыландыру керек
Фото: Үкімет

Кеңес барысында Қанат Бозымбаев инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлау Өңірлік стандарттар жүйесінің көрсеткіштерін қатаң ескере отырып жүзеге асырылуы қажет екенін еске салды.

Оңтүстік өңірлердің дамуын талқыланды: артта қалған елді мекендерді бірінші қаржыландыру керек
Фото: Үкімет

Өңірлік деңгейдегі теңгерім мен айырмашылықтарды азайту мақсатында вице-премьер әкімдіктерге Ұлттық экономика министрлігінің бюджеттік инвестициялық жобаларды басымдық бойынша іріктеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын ескере отырып, артта қалған елді мекендерді бірінші кезекте қаржыландыру туралы шешім қабылдауды тапсырды.

Оңтүстік өңірлердің дамуын талқыланды: артта қалған елді мекендерді бірінші қаржыландыру керек
Фото: Үкімет

«Ауыл аманаты» жобасы аясында Жамбыл облысында шамамен 10 мың жұмыс орнын құруды көздейтін болжамды инвестициялық жобалар, Қызылорда облысында 8 мың жұмыс орнын, Түркістан облысында 23 мың жұмыс орнын құруға бағытталған жобалар қалыптастырылды.

Оңтүстік өңірлердің дамуын талқыланды: артта қалған елді мекендерді бірінші қаржыландыру керек
Фото: Үкімет

Қанат Бозымбаев олардың іске асырылуын жеделдетуді тапсырды. Ұлттық экономика министрлігіне Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен және облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, «Ауыл аманаты» жобасын қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Сапар аясында Канат Бозымбаев Қазақ ұлттық су шаруашылығы және мелиорация университетіне барып, оқу орнының оқытушыларымен кездесті. Кейін Тараз қаласындағы жаңа шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы және Түйте каналы жағалауын абаттандыру жұмыстарымен танысты.

Айта кетелік бүгін Олжас Бектенов Алматы тау кластерін одан әрі дамыту тәсілдерімен танысқан еді

Соңғы жаңалықтар