20:35, 29 Қаңтар 2025 | GMT +5
Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 18 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM - Ұшақ Юнити мұнай өндірісі аймағынан көтерілу кезінде құлады, деп хабарлайды Aнадолы.

Оңтүстік Суданда әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай ұшақ апатқа ұшырап, алдын ала мәлімет бойынша 18 адам қаза тапты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Оңтүстік Судандағы миссиясының (UNMISS) радиостанциясы Miraya News радиосының хабарлауынша, ұшақ Юнити штатындағы мұнай өндірісі маңында құлады.
Оқиғадан аман қалған үш зардап шегушінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда 167 жолаушысы бар ұшақ түгелдей жанып кетті.