Оңтүстікте өрік пен бадам ағаштары гүлдеді

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM — Табиғаттың бұл құбылысына тұрғындар алаңдаулы.

Өрік ағашы
Фото: Максат Шағырбаев

Шымкент пен Түркістан облысында өрік пен бадам ағаштары гүлдеп жатыр. Ал, жергілікті тұрғындар ерте гүлдеген ағашты үсік ұрып кете ме де қорқып отыр. Себебі, бүгін күн райы бірден суытып, жаңбыр жауып жатыр. 

Оңтүстік
Фото: Мақсат Шағырбаев

Синоптиктерде 14 наурыз күні түнде күн райы -5 градусқа дейін төмендеп, қар жуу мүмкін екендігін мәлімдеді. Тек демалыс күндерге қарай сынап бағанасы біршама көтеріліп, күн қайта жылына бастайды.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында бәйшешек гүлдегенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар