ОПЕК+ келесі отырысы қашан өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — ОПЕК+ ұйымының сегіз жетекші елі қазан айымен салыстырғанда мұнай өндіру көлемін тәулігіне 137 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ТАСС.

ОПЕК+ елдерінің «сегіздік» тобы мұнай өндіруді ұлғайтуға келісті
Фото: Энергетика министрлігі

Мәлімдемеде бұл шешімнің әлемдік экономиканың тұрақты келешегі мен нарықтағы оң іргелі көрсеткіштерге байланысты қабылданғаны атап өтіледі. Атап айтқанда, әлемдік мұнай қорының төмен деңгейі нарықтағы тепе-теңдіктің сақталып отырғанын көрсетеді.

ОПЕК елдері нарық жағдайын үнемі бағалап отыратынын және қажет болған жағдайда өндірудің жоспарлы өсімін тоқтату немесе қайта қарау мүмкін екенін мәлімдеді.

ОПЕК деректеріне сәйкес, қараша айында:

Ресей мен Сауд Арабиясы өндірісті тәулігіне 41 мың баррельге,

Ирак — 18 мың баррельге,

БАӘ — 12 мың баррельге,

Кувейт — 10 мың баррельге,

Қазақстан — 7 мың баррельге,

Оман — 4 мың баррельге,

Алжир — 4 мың баррельге арттыра алады.

Нәтижесінде елдердің жаңа өндіріс квоталары келесідей белгіленді:

Ресей — 9,532 млн баррель/тәулік,

Сауд Арабиясы — 10,061 млн баррель/тәулік,

Ирак — 4,255 млн баррель/тәулік,

Кувейт — 2,569 млн баррель/тәулік,

БАӘ — 3,399 млн баррель/тәулік,

Қазақстан — 1,563 млн баррель/тәулік,

Оман — 808 мың баррель/тәулік,

Алжир — 967 мың баррель/тәулік.

ТАСС агенттігінің есебі бойынша, кейбір елдердің бұрынғы кезеңдегі артық өндіруін өтеу кестесін ескере отырып, қараша айында нақты өндіріс өсімі шамамен тәулігіне 74 мың баррель.

Келесі ОПЕК+ «сегіздік» кездесуі 2025 жылғы 2 қарашада өтеді. 

Айта кетелік ОПЕК+ негізгі мүшелері мұнай өндіруді ұлғайтуға келіскен еді

Соңғы жаңалықтар