OpenAI әлемдегі ең қымбат жеке компания атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Жасанды интеллект технологиясы бойынша әлем көшбасшыларының бірі – америкалық OpenAI компаниясы нарықтық капиталдандыру бойынша мультимиллиардер Илон Масктың SpaceX компаниясын басып озып, әлемдегі ең бағалы стартап атанды, деп хабарлайды DW.

OpenAI әлемдегі ең қымбат жеке компания атанды
Фото: msspalert.com

ChatGPT әзірлеушісі оның қазіргі және бұрынғы қызметкерлері компания акцияларын 6,6 миллиард еуроға сатқаннан кейін оның құны 500 миллиард долларға бағаланды.

Сатып алушы Thrive Capital, SoftBank Group, Dragoneer Investment Group, MGX және T. Rowe Price сияқты инвесторлардың консорциумы болды.

Мәміле SoftBank-тің 2025 жылдың басында жүргізген тиісті сараптамасы кезінде тіркелген 300 миллиард долларды болатын бұрынғы бағалаудан айтарлықтай асып түседі, бұл компанияны әлемдегі ең ірі стартапқа айналдырды.

Бірнеше күн бұрын The Information журналындағы есепте OpenAI-тің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кірісі шамамен 4,3 миллиард долларға жетті, 2024 жылдың толық кезеңімен салыстырғанда 16% өсті.

ChatGPT мәтіндік боттардың көшбасшысы болып тұр және автоматтандырылған кескіндер мен бейнелер жасауда басқа ЖИ құралдарын ұсынады. Компания қор биржасының листингінде болмағандықтан инвесторлардың қолжетімділігі шектеулі.

Илон Масктың SpaceX аэроғарыштық компаниясы әлемдегі ең құнды жеке компания саналды, оның құны – 350 миллиард доллар.

Бұған дейін OpenAI ChatGPT қосымшасынан қанша табыс тапқаны туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар