Опиоидтарды сақтайтын ұйымдарды лицензиялауды жеңілдету қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіреді
АСТАНА. KAZINFORM — Опиоидтарды сақтайтын ұйымдарды лицензиялау процедурасын жеңілдету қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіреді. Бұл жайында Сенат депутаттарының жауабына Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың жауабында айтылған.

— Құрамында еліткіш, психотроптық заттар бар дәрілер, сонымен қатар олардың прекурсорлары нормативтік-құқықтық актілерде бекітілген талаптар негізінде денсаулық сақтау ұйымдары тарапынан беріледі. Есірткі заттарының заңсыз айналымы және қара нарыққа опиоидтардың шығып кету жоғары тәуекеліне байланысты, сондай-ақ жалған пациенттерді анықтау мақсатында опиоидтарды қадағалау арнаулы шарттарын, есепке алуды қатаң сақтау және персоналдарды оқыту қамтамасыз етіледі. Лицензиялық процедураларды жеңілдету қоғамдық денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін, — деді вице-премьер.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған халыққа паллиативтік медициналық көмекті дамыту жол картасын әзірлеп жатқанын жазған едік.