Oracle-дың жаһандық тәжірибесі Қазақстандағы ЖОО бағдарламасына енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Енді еліміздегі ЖИ саласына инновациялық жаңалықтар ашылуы мүмкін. Мамандар Oracle компаниясымен бірлесе жұмыс істеу еліміздің экономикасына айтарлықтай оң ықпал етеді деп бағалап отыр.

Oracle-дың жаһандық тәжірибесі Қазақстандағы ЖОО бағдарламасына енгізіледі
Фото: rally36.ru

— Бұл, біріншіден, біздің ұлттық деректеріміздің қауіпсіздігіне көмек көрсетеді деп ойлаймыз. Одан бөлек, инновациялық тұрғыдан да пайдасы көп. Сол арқылы жаңа жобалар ашылып, экономикалық бағыттан жаңа пайда алып келеді деген үміттеміз, — дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ІТ-құрылымды басқару департаментінің директоры Абзал Даутбаев «Бүгін LIVE» бағдарламасына берген сұхбатында.

Жоба еліміздегі ІТ саласы мамандарының біліктілігін арттыруға да айтарлықтай жәрдем етеді.

Oracle-дың жаһандық тәжірибесі Қазақстандағы ЖОО бағдарламасына енгізіледі
Фото: Видеодан алынған скрин

— Меморандум аясында Oracle competence center — құзыреттілік орталығы қарастырылған. Бұл осы жоба төңірегінде ІТ мамандарының біліктілігін арттыру үшін қолданылады. Бәріміз білетіндей, бұл компанияның ұлттық шешімдер мен ЖИ бойынша әлем мойындаған сертификаттары бар. Және бұл шаралар осы құзыреттілік орталығы арқылы студенттер мен стартаптардың жаңа оқыту бағдарламаларына енгізіледі. Яғни ЖОО-дағы білім жүйелеріне де әсер етеді, — дейді Ақпараттық жүйелерді басқару департаментінің директоры Дамир Дәрібаев.

Еске сала кетейік, жақында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Oracle компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар