Орал-Атырау жолында жүк көліктеріне шектеу қойылды

ОРАЛ. KAZINFORM – Атырау облысында жолды су шайып кетуіне байланысты Орал-Атырау бағытында жүк көліктеріне шектеу қойылды.

Орал-Атырау жолында жүк көліктеріне шектеу қойылды
Фото: видеодан кадр/Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабы

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 18 мамыр күнгі сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар Орал-Атырау жолында (492-189 км, Орал қаласынан Атырау облысына дейін) жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.

«Қазіргі кезде жүк көліктері Ақтөбе арқылы қатынап жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырау-Орал трассасының Махамбет ауданындағы 44-шақырымы жырылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар