14:15, 07 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Орал-Атырау-Орал бағытында жаңа автобустар жолға шығатын болады
ОРАЛ. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы, «Қазақстан Елім» ЖШС көлік компаниясы және «Цеснабанк» АҚ филиалы арасында

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты - «Жаңа бизнес бастамаларын қолдау» бойынша демеуқаржы жөнінде келісімге қол қойылды.
«Цеснабанк» АҚ қаржысына 28 орындық «Hyundai Country» маркалы екі автобус алынып, ол енді «Автобус паркі» АҚ-мен келісімге сәйкес Орал-Атырау-Орал бағытында жолаушы тасымалдаумен айналысатын болады. Бұған дейін аталмыш бағытта күні өткен автобустар қолданылып келген болатын. Жаңа автобустар қазіргі заманғы талаптарға сай келеді, бейне және аудиожүйемен, кондиционермен қамтамасыз етілген.
2009 жылғы сәуірде құрылған «Қазақстан Елім» ЖШС негізінен автокөлікті жалға беру, жүк және жолаушы тасымалдаумен айналысады.