Орал әуежайы жөндеуге жабылады

Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайы бірнеше күнге жөндеуге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

орал әуежайы жабылады
Фото: "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әуежайда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшу жолағының бір бөлігіне ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

«Жөндеу уақытында, яғни 8 қазан күні сағат 02.00-ден 10 қазан сағат 05.00-ге дейінгі аралықта, сондай-ақ 12 қазанда 01.30-дан 17.00-ге дейін (резервтік күн) әуежайды жабу жоспарланған. Сол күндері ұшақтар қабылданбайды және ұшырылмайды. Бұл – әуе кемелерін пайдалану және жолаушыларға қызмет көрсету қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мәжбүрлі шара. Жоспарланған жөндеу мерзімі сол кездегі қолайлы ауа райын, сондай-ақ әуежайда ұшатын ұшақтар санының азаюын ескере отырып таңдалып, Оралға рейстерді орындайтын әуе компанияларымен келісілді.

Жолаушылардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, сапарларын алдын ала жоспарлауды өтінеміз», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралға қонған ұшақта 17 жасар қыз көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар