13:21, 17 Қаңтар 2015 | GMT +5
Орал әуежайын жаңартуға 2015 жылы республикалық бюджеттен 2,53 млрд.теңге бөлінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал әуежайын жаңартуға 2015 жылы респбуликалық бюджеттен 2,53 млрд. теңге бөлінді.
Жолаушылар ағынының өсуін ескере отырып, Орал әуежайын кең ауқымды түрде жаңғырту қажет. 2015 жылы әуежайды жаңартуға респбуликалық бюджеттен 2,53 млрд.теңге бөлінді. Бұл қаржы ұшыру-қондыру жолағын ұзартуға және кеңейтуге, жанында қауіпсіздік жолағы құрылғыларын орнатуға, жоғары жиіліктегі жарық-дабыл құралдарымен қамтамасыз етуге жұмсалады.
Еске сала кетейік, өткен жылғы күзде ұшыру-қондыру жолағын жаңғыртудың алғашқы кезеңі аяқталды және қараша айында Орал әуежайы өз жұмысын бастады.