Орал боксының түлегі Дәурен Елеусінов Қазақстан чемпионы атанды

ОРАЛ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал боксының түлегі, бүгінде Астана қаласында тұратын Дәурен Елеусінов Қостанай қаласында аяқталған Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұрын 69 және 75 килә салмақта өнер көрсеткен Дәурен кейінгі жылдары 81 киләға ауысқан болатын. Әкесі Марат жаттықтыратын, 1986 жылы туған жас спортшы бұл салмақта да маңдайалды боксшылардың біріне айналып үлгерді. Өткен жылы Тараз қаласында ересектер арасында өткен ел біріншілігінде күміс жүлдегер атанған Дәурен бұл жолы финалда Марат Қиясовты ұтып, жеңіс тұғырына көтерілді. Ел біріншілігінде сондай-ақ өз салмақ дәрежелерінде Біржан Жақыпов, Олжас Сәттібаев, Миржан Рахымжанов, Мақсат Оспанов, Ғани Жайлауов, Рустам Цваев, Серік Сәпиев, Әділет Ниязымбетов, Василий Левит, Иван Дычко чемпион атанды.
Соңғы жаңалықтар