Орал допты хоккейінің түлегі Р.Исалиев Ресей чемпионатының жоғары тобында өнер көрсетуде

ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал допты хоккейінің түлегі, Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Рауан Исалиев Ресей чемпионатының жоғары тобында өнер көрсетуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өткен жылы «Ақжайықтан» Архангельскінің «Воднигіне» ауысқан Рауан қазанның 24-інде әлем кубогі үшін Швецияның әйгілі «Эдсбюн» клубымен болған беташар ойынында бірден екі доп соғып, көзге түсті. Кейін биылғы маусымда қарсыластар қақпасына соққан доп санын алтыға жеткізді. Сол секілді Оралдан түлеп ұшқан Леонид Бедарев пен Денис Максименко Нижний Новгородтың «Стартында» ойнап жүрсе, Алексей Горохов «Мурманның» (Мурманск) намысын қорғауда. Ал Александр Шавалдин Орынбордың «Локомотивінде» мұз айдынында ойқастап жүр. Бұл клубтардың бәрі де Ресей біріншілігінің жоғары тобында.
Соңғы жаңалықтар