11:20, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Орал епархиясының жаңа ғимараты ашылды
ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында епархияның жаңа ғимараты ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ғимаратты тұрғызуға Қазақстан, Ресей, Украина, Молдовадан көптеген демеушілер үлес қосты. Мұндай ғимарат Қазақстанда біреу ғана. Онда Орал және Атырау архиепископы Антоний бастаған қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. «Благовест» православие газеті редакциясы да осында орналасқан. Ғимараттың үшінші қабаты келушілерді қабылдауға арналған. Оралға келетін меймандар үшін арнайы бөлмелер мен кабинеттер бар.
Орыс православие шіркеуі Орал епархиялық басқармасының құрылғанына биыл он сегіз жыл толмақ. Бұған Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы шіркеулер ( 1991 жылы 22 мінәжатхана болса, мұның саны қазір 47-ге жетті ) кіреді. Тек өткен жылы ғана Ақтөбе, Қостанай, Жітіқарада жаңа ғибадатханалар пайдалануға берілді.