Орал халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстары мәресіне жетті

Мәншүк Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайында 8-13 қазан аралығында жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Kazinform. 

Орал халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстары мәресіне жетті
Фото: "Орал халықаралық әуежайы" ЖШС

«Орал халықаралық әуежайы» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұшақтардың жермен жүретін жолы реттелді.

«Негізгі жұмыстарды жүргізу кезінде 8 және 9 қазан күндері әуежай уақытша жабылды. Жөндеу бүгін біткенімен, 10 қазаннан бері әуе кемелерін қабылдау және шығару қызметі штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Жөндеу аясында жермен жүру жолында асфальтбетон жабынының екі жаңа қабаты салынды. Бұл жұмыстарды І санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензиясы және жол құрылысы саласында үлкен тәжірибесі бар «Адал Арна» ЖШС құрылыс компаниясы атқарды. Қазіргі уақытта әуежай перронды толық қайта құру бойынша жобалық құжаттаманы дайындаумен айналысып жатыр. Әуе айлақ жабындарын қайта жаңарту Орал әуежайында әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша ағымдағы шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал әуежайы жөндеуге жабылатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар