16:21, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Орал халықтық спорт ойындары мәреге жетті
ОРАЛ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында ҚР Президентінің жүлдесі үшін БҚО ІV халықтық спорт ойындары мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шағын футбол, үстел теннисі, дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат, президенттік көпсайыс, қазақ күресі, самбо, гір тасын көтеру, қол күресі, стритбол, отбасылық жарыстар, бильярд, волейбол сайыстарына барлығы екі мыңға жуық спортшы қатысты.
Үш күнге созылған дүбірлі додада президенттік көпсайыс, самбо бойынша Ақжайық ауданы өздерінің жоғары дайындық деңгейінде келгендерін көрсетсе, стритболдан Шыңғырлау ауданының командасы алдыңғы орыннан көрінді. Волейболдан ерлер арасында Жәнібек ауданының командасы мықтылығын дәлелдеді. Ал спорттың қалған түрлерінен Орал қаласының командасы алға шықты. Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орын Орал қаласына бұйырса, Бөрлі ауданы - екінші , Ақжайық үшінші орынды еншіледі.