Орал қалалық сотының бұрынғы төрағасына қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қалалық сотының бұрынғы төрағасы Руслан Жұмағұлов және адвокат Нұржігіт Фазылғалиевтің ісі бойынша БҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында сот отырысы болды. 

судья
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Онда адвокат Айгүл Молдағалиева іспен толық танысып үлгермегенін айтып, сот отырысын кейінге қалдыру жөнінде өтініш білдірді.

Мұны басқа адвокат, қорғаушылар және прокурор қолдады.

Осылайша, сот отырысы 7 қазан күнгі сағат 15.00-ге қалдырылды.

Еске салайық, бұдан бұрын Орал қалалық сотының бұрынғы төрағасы бас бостандығынан айырылған болатын.

Руслан Жұмағұлов ҚК 24-бабы 3-бөлігі — 190-бабына (алаяқтыққа оқталу) сәйкес айыпты деп танылып, Тасқала аудандық сотының үкімінен 2 жыл 7 ай және 15 күнге бас бостандығынан айырылған еді.

Сонымен қатар адвокат Нұржігіт Фазылғалиев алаяқтыққа және пара беруге оқталу баптары бойынша айыпты деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге 2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасы кесілген болатын.

Кейін адвокаттар апелляциялық сатыдағы сотқа шағым түсірді.

Соңғы жаңалықтар