Орал қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкері есірткі затын сату үстінде ұсталды

ОРАЛ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат/Ғайсағали Ералы/ - ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті жедел іздестіру шаралары барысында Орал қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкері, полиция старшинасы А.Сүлейменовті жалпы салмағы 2 килә 50 грамм есірткі затын сату үстінде қолға түсірді, одан сондай-ақ тінту кезінде 1,84 грамм героин табылды.
None
None
Департаменттен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, А.Сүлейменовтің үстінен ҚР ҚК 259-бабы «в», «б» тармақтарына сәйкес үш қылмыстық іс қозғалды. Департамент назарына полиция қызметкері 2006 жылы 3,5 килә героинмен ұсталған ағайынды Ғалиевтердің біреуін (бұлар кейін 11 және 12 жылға сотталды) тұтқындау кезінде іліккен болатын. Деректер бұрынғы полиция қызметкерінің Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласынан Оралға 2006 жылдан бері есірткі тасымалдап келгенін айғақтап отыр.
Соңғы жаңалықтар