Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев тасқын судың алдын алу бойынша облыстық жедел штабтың отырысын өткізді.

Орал
Фото: БҚО әкімдігінен

Отырыс барысында облысқа қарасты қалалар мен аудан әкімдері су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстары туралы баяндады. Штаб отырысында облыс әкімі Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жариялады.

«Су тасқынына дайын болмағансыңдар. Қала әкімдігі ғимаратының өзі суға кеткен. Бұның бәрі жауапкершіліктің жоқтығын білдіреді. Кеше және бүгін қаланы аралап жүрмін, кейбір шағын аудандарда мен келгенде ғана жұмыс басталып жатты. Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысандарға су кірген. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеулері керек. Жағдайды 24 сағат бойы бақылауда ұстаңдар», - деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 500-ден астам үй мен 15 кәсіпорын газсыз қалғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Орал қаласында бірнеше нысан мен 5 көпқабатты үйдің жертөлесіне су кірді.

Соңғы жаңалықтар