Орал қаласында 1-9 сыныптар онлайн оқиды

Орал
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Орал қаласында бүгін аязға байланысты бірінші ауысымда 1-9 сыныптар қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Kazinform. 

Орал қаласы білім беру бөлімінен мәлім еткеніндей, «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес шаһарда ауа температурасы -27 градусты көрсетіп тұр.

Осыған байланысты қала мектептерінде бірінгі ауысымда 1-9 сынып оқушылары бүгін қашықтан оқиды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты республикалық жол жабылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар