Орал қаласында 2 адам сот шешімімен бостандыққа шықты

ОРАЛ. KAZINFORM — Олар қаласындағы № 27 түзету мекемесінде 95 сотталушы жазасын өтеп жатыр.

суд
Фото: freepik

БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның ішінде әлеуметтік осал санаттағы, яғни зейнеткерлер мен мүгедектігі бар жазасын өтеушілер рақымшылық заңын қолдануға жатады. 

Орал қалалық соты ауырлығы онша ауыр емес және орташа қылмыс жасаған 2 жазасын өтеушіні босату жөнінде шешім шығарды. Олар — ҚР Президентінің рақымшылық жасау туралы заңын жүзеге асыру аясында № 27 түзету мекемесінен алғашқы болып босатылып жатқан адамдар.

— Алдағы уақытта рақымшылыққа жататын басқа адамдарға қатысты сот шешімдері негізінде босату жалғасады. Жалпы, рақымшылық жазаны жеңілдетуге және одан босатуға бағытталған және әрбір сотталғанға түзелуге мүмкін береді. Бостандыққа шыққандарға жаңа өмірге бейімделуге көмек көрсетіледі, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түрмеде жазасын өтеуші киімін шешіп тастап, жалаңаш жүргенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар