Орал қаласында дүкен өртенді
ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында дүкен отқа оранды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға «Жұлдыз» және Ескі әуежай ауданында Евразийская көшесі 108-мекенжайында бүгін болды.
«Сағат 10.05-те өрттің болып жатқаны жөнінде хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша дүкен 500 шаршы метр аумақта жанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 57 адам, 26 техника жұмылдырылды. Өрт толығымен сөндірілді», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрмыстық қалдықтар полигонында өрттің әлі бықсып жатқанын жазған болатынбыз.