Орал қаласында екі мекенжайда құбыр жарылды
ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында екі мекенжайда құбыр жарылуына байланысты ыстық су беру тоқтатылды.

«Жайықжылуқуат» АҚ-дан мәлім еткеніндей, Зачаган кентінде М.Мөңкеұлы 97/3 және 97/4-мекенжайында диаметрі 108 мм құбыр жарылды.
Сондай-ақ М.Мөңкеұлы 101-мекенжайында диаметрі 76 мм құбыр істен шықты.
— Апатқа байланысты аталған мекенжайларда ертеңге дейін ыстық су берілмейді, — деп хабарлады ведомстводан.
«Жайықжылуқуат» АҚ-дан түскен мәліметке қарағанда, сонымен қатар жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты Партизан көшесі 88 және Исатай батыр көшесі 71/1-мекенжайында (спорттық альпинизм мектебі) 30 шілде мен 22 тамыз аралығында ыстық су беру тоқтатылады.
Мұнда диаметрі 159 мм ұзындығы 210 метр құбыр жөнделетін болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда құбырдағы апат салдарынан бірнеше шағынауданның салқын сусыз қалғанын жазған едік.