Орал қаласында құрбан шалатын орындар белгіленді

ОРАЛ. KAZINFORM — Қазақстанда биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 27, 28, 29 мамыр күндері аталып өтіледі. 

Орал қаласында құрбан шалатын орындар белгіленді
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

БҚО бас имамы Самат Әлібаевтың мәлім еткеніндей, қасиетті Арафа күні 26 мамыр күніне сәйкес келеді.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысы бойынша айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:30-да оқылады.

Өңірде қазіргі таңда барлығы 69 мешіт бар.

— Орал қаласы бойынша құрбан шалатын үш қасапхана белгіленді. Атап айтқанда, «Ел ырысы» базары, «Батыс адал ет» ЖШС және «Кублей» ЖШС-да мал құрбандыққа шалынады, — деді Самат Әлібаев.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, айт намазына байланысты Оралда Абай даңғылы Ә.Әйтиев көшесінен Мұхитқа дейін, сондай-ақ Ж.Досмұхамедов көшесі Құрманғазыдан Х.Чурин көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда құрбандық мал шалынатын орындар бақылауда болатынын жазған едік.