Орал қаласында суға кеткен барлық саяжай техникалық зерттеуден өтеді

Орал
Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Орал қаласының басшысы Миржан Сатқанов тасқыннан зардап шеккен №1, 2, 3 және «Нұрлы жол» саяжайларының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге келген тұрғындар тарапынан өзектілігін жоғалтпай отырған бірқатар сұрақ қойылды. Оларды су басқан саяжайларды қалпына келтіру, жаңа үй алу, әлеуметтік көмекке жүгіну және басқа мәселелер алаңдатып отыр. Зардап шеккен әр азаматқа тиісті көмек көрсетілетінін атап өткен облыс әкімі бүгінде Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын есептеу және материалдық көмек төлеу жөніндегі арнайы комиссия жұмысын бастағанын айтты.  

БҚО әкімдігі
Фото: БҚО әкімдігі

Н.Төреғалиевтің сөзінше, барлық саяжай кезең-кезеңімен техникалық зерттеуден өтеді. Тұрғындар көмексіз қалмайды. Бір жолғы әлеуметтік төлемдер беріліп жатыр. Аталған жұмыс жалғасын табады. Бүгінде облыс бойынша зардап шеккен 2 264 отбасыға 813 млн теңге көлемінде (100 айлық есептік көрсеткіш) біржолғы әлеуметтік төлем берілсе, соның ішінде 863-і – саяжайда тұратындар. Алдағы уақытта тұрғындардан түскен өтініштер негізінде төлем төлеу ісі жалғаспақ. 

БҚО әкімдігі
Фото: БҚО әкімдігі

Мұндай кездесулерді облыс, қала басшылығы жиі өткізетін болады. Нариман Төреғалиев азаматтардың мәселелерін бақылауда ұстайтынын жеткізді. 

БҚО
Фото: БҚО әкімдігі

Осыған дейін де саяжай тұрғындарымен тұрақты негізде кездесулер өткізілді, түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылы тұсында қауіпті шектен асып кеткенін жазған болатынбыз.

Батыс Қазақстан облысында жаңадан су қоймалары қашан салынады.

БҚО-да су басқан аумақтарда сынамалар алынып, дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар