Орал қаласында түзету мекемесінде жазасын өтеуші суицид жасады

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласындағы түзету мекемесінде 46 жастағы ер адам өзіне-өзі қол жұмсады.

түрме
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 тамыз күні болды.

«БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзету мекемесінде 1978 жылғы жазасын өтеуші өз өмірін қиған. Аталған дерек Зачаган полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан. 

БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 9-сынып оқушысының өзіне қол жұмсағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар