Орал қаласы Зачаган кентінде әкім сайланды

ОРАЛ. KAZINFORM – 1 желтоқсан күні Орал қаласында Зачаган кентінің әкімін сайлау өткізілді. 

Аққали Әубекеров
Фото: БҚО аумақтық сайлау комиссиясы

БҚО аумақтық сайлау комиссиясынан түскен мәліметке қарағанда, сайлаушылар тізіміне барлығы 44 289 адам енгізілсе, соның 5 118-і дауыс беруге қатысты.

Дауыс беруге қатысқандардың 3 190-ы Аққали Әубекеровті жақтады. 1 068-і Әлібек Сәрсеновті қолдаса, 349-ы Татьяна Сумкинаны жақтап, дауыс берді. 

Аққали Әубекеров 1963 жылы дүниеге келген. Осыған дейін Зачаган кентінің әкімі қызметін атқарған ол өз орнында қалды. 

сайлау
Фото: БҚО аумақтық сайлау комиссиясы

Сонымен қатар, 1 желтоқсан күні өңірде алты ауылдық округте әкімдер сайланды. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округінде Еркін Әбілкәкімов, Жәнібек ауданы Талов ауылдық округінде Асқар Сәрсенғалиев, Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінде Мейрам Қайырғалиев, Теректі ауданы Құмақсай ауылдық округінде Сержан Мәдиев, Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округінде Қайырлы Жұмағұлов, Тасқала ауданы Қазақстан ауылдық округінде Ержігіт Распаев озып шықты.

Сайлау, дауыс беру
Фото: БҚО аумақтық сайлау комиссиясы

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 444 мыңнан астам дауыс беруші тіркелгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар