Орал қаласында жылу құбырлары жөнделе бастады

ОРАЛ. KAZINFORM — Оралда жылу құбырларын реконструкциялау жұмыстары жалғасып жатыр. 

Орал қаласында жылу құбырлары жөнделе бастады
Фото: "Жайықжылуқуат" АҚ

«Жайықжылуқуат» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Бекболат Қамешовтің айтуынша, қазіргі уақытта № 2 жылу магистралі жөндеуден өтуде. Осыған байланысты су ағызу жоспарлы жүргізіліп жатыр. 

— Кеше құбыр жүйесі ажыратылды. Бүгін құбырларды бөлшектеу басталды. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін жалғасады. Бұл мақсатқа 9,9 млрд теңге бөлінді. Осы қаржыға 3,9 км құбыр ауыстырылмақ, - деді Б.Қамешов.

жөндеу жұмыстары
Фото: "Жайықжылуқуат" АҚ

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында тұрғын үйлерге жылу беру тоқтатылғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар