Орал қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес еңбек өнімділігі анағұрлым өспек

әлеуметтік сала, инфрақұрылым кешені, аумақтық құрылым, мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесі алға баспақ.
Орал қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары София Кенжеғараеваның сөзіне қарағанда, еңбек өнімділігі 2015 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінде - 1,5 есеге, ауыл шаруашылығында 1,6 есеге өседі деп болжанып отыр. Сондай-ақ жан басына шаққанда бөлшек тауар айналымы - 14, экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар 35 пайызға дейін ұлғайтылмақ. Бұл көрсеткішке өндірісті қайта құру мен жаңа технологияларды енгізу арқылы қол жеткізілмек. Сонда өнеркәсіптегі өнім көлемі 116 млрд. теңге, ауыл шаруашылығында 4,5 млрд. теңгені құрамақ. Шағын және орта бизнестегі өнім мен қызмет көлемі 34 пайызға артпақ. Халықтың денсаулығын нығайту шаралары арқасында адам өмірінің ұзақтығы 67 жастан 73,5 жасқа жеткізіліп, өлім-жітім 11,4 промилден 9,6-ға дейін төмендемек. Білім беру саласында мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 30 пайызға өсіп, педагог кадрлар біліктілігі артпақ. Атап айтқанда, жоғары және бірінші санатты ұстаздар саны 35 пайызды құрамақ. Оқушы орындарының тапшылығы 57 пайызға қысқарып, үлгі жобадағы ғимараттарда орналасқан мектептер көбеймек. Басқа да салаларда алға басулар болмақ.