Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Алтай Көлгіновтің өкімімен Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев Орал қаласының әкімі болып тағайындалды. Қала активіне жаңа басшыны облыс әкімі Алтай Көлгінов таныстырды.
None
None


null Нариман Төреғалиев
1964 жылы бұрынғы Тайпақ (қазіргі Ақжайық) ауданы Есенсай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын инженер-экономист, 2004 жылы Каспий қоғамдық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы «Есенсай» кеңшарында жұмысшы болып бастаған Н.Төреғалиев институтты бітіргеннен кейін Теректі ауданында лауазымды қызметтер атқарды. Содан кейін Орал қаласында басшылық жұмыстарда болды. Соның ішінде 2008-2010 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі БҚО бойынша департаментінің директоры, 2010-2012 жылдары БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды. 2012-2015 жылдары Ақжайық ауданының әкімі болса, 2015 жылдың маусымынан облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. 

«Нариман Төреғалиевтің басшылық жұмыста тәжірибесі жеткілікті. Елбасымыздың 5 институттық реформасын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында барлық әкімдердің алдына нақты міндеттер қойылды. Соның ішінде Орал қаласы бойынша 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы жасалуы керек. Әсіресе, қала көшелері жолдарын ретке келтіру, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік нысандарды жөндеу және басқа өзекті мәселелердің барлығы біртіндеп шешілуі тиіс. Қаланың шекті және орталық бөлігі деп бөлуге болмайды. Бәріне бірдей көзқарас болуы қажет», деді әкім.
Бұдан кейін Нариман Төреғалиев өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, Елбасы тапсырмаларын орындау жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, облыс басшысы болып тағайындалғанға дейін қала әкімі қызметін Алтай Көлгінов атқарған болатын.

2 3 

Соңғы жаңалықтар