Орал қаласында 57 көшенің атауы өзгерді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 57 көшенің атауы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО әкімдігінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №281 және БҚО мәслихатының 7 желтоқсандағы №21-6 бірлескен қаулысы мен шешімі әділет департаментінде тіркелді.

Осыған сәйкес «Астана» шағынауданы бойынша №1 көше Қазыбек би, №2 көше Әйтеке би, №3 көше Төле би есімін иеленді.

«Жұлдыз» шағынауданы бойынша бұдан былай №4 көше Нұрғиса Тілендиев, №6 көше Фариза Оңғарсынова, №8 көше Ермек Серкебаев, №13 көше Асқар Сүлейменов, №23 көше Медеу көшесі болып аталады.

Сондай-ақ Орал қаласы бойынша Верхняя көшесіне - Шалқыма, Проселочная көшесіне - Назерке, 1-ой садовый переулок көшесіне - Ағыбай батыр, 2-й кольцевой переулок көшесіне - Бұланты, 2-я молодежная көшесіне - Балқаш, 26 бакинских комиссаров көшесіне - Жидебай, Речная көшесіне - Ертіс, Больничная көшесіне - Ырысты, Вершигора көшесіне - Халел Досмұхамедұлы, Заводская көшесіне - Естай, Западная көшесіне - Тұлпар, Заречная көшесіне - Қызғалдақ, Зеленая көшесіне - Маралды, Кирпичный З-Д КСМК көшесіне - Бозай, Кольцевой тупик көшесіне - Найзалы, Комарова көшесіне - Сұңқар, Речной тупик көшесіне - Серуен, Латышская көшесіне - Талды, Лесная көшесіне - Хақназар хан, Литейная көшесіне - Сүйінбай жырау, Литейная площадь көшесіне - Шарын, Лощинная көшесіне - Толқын, Молодежная көшесіне - Доспамбет жырау, Молодежная-1 көшесіне - Байқоңыр, Набережная көшесіне - Ақжар, Овражная көшесіне - Қырмызы, Охранная көшесіне - Қоғалы, Первомайский проспект көшесіне - Мамыр, Поселковая көшесіне - Шиелі, Поселковый тупик көшесіне - Сонар, Приречная көшесіне - Сұлутөр, Пролетарская көшесіне - Райымбек батыр, Промышленная көшесіне - Көксай, Гурьевская көшесіне - Тобыл, Федин көшесіне - Торғай, Советская көшесіне - Сұлтанбек Қожанов, Степная көшесіне - Үстірт, Строителей көшесіне - Алтынкөл, Строительная көшесіне - Жақып Ақбаев, Ульяновская көшесіне - Шортанбай ақын, Герцен көшесіне - Шыңғыстау, Хорошкин көшесіне - Мұхамеджан Сералин, Целинная көшесіне - Сырымбет, Центральная көшесіне - Жанқожа батыр, Электрическая көшесіне - Қарқаралы, Южная көшесіне - Көктерек, Белая казарма көшесіне Ақбақай атауы берілді.

Оған қоса «Сарыарқа» шағынауданындағы №41 көше Бердібек Соқпақбаев, №44 көше Шәмші Қалдаяқов болып аталады.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, өткен жылы Орал қаласы бойынша жалпы саны 231 көше қайта аталды. Соның ішінде идеологиялық тұрғыдан ескірген немесе мән-мағынасын жоғалтқан 135 көшенің атауы ұлттық танымға сәйкес өзгертілді. 96 көшеге жаңа атау берілді.

Еске сала кетейік
, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында төрт ауылдың байырғы атауымен аталатынын, Елбасы Жарлығына сәйкес Зеленов ауданы Бәйтерек болып өзгертілгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram