Орал қаласында ақпараттық дүңгіршектер жұмыс жасайды

ОРАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Қазақтелеком» АҚ өз клиенттеріне барынша ыңғайлы болуы үшін жеті түрлі жолмен есептесу тәсілін ұсынып отыр. Соның бірі – Орал қаласындағы отыз ақпараттық дүңгіршек,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл дүңгіршектер «Қазақтелеком» АҚ-ға қарасты ғимараттарда ғана емес, сондай-ақ ірі мекемелерде, халық көп келетін жерлерде орналасқан. Қазірдің өзінде барлық ақы төлеудің 36 пайызы осы дүңгіршектер үлесінде. Мұның бір артықшылығы, адамдар орталық агенттікке барып, кезекке тұрмай-ақ уақыт үнемдей алады. Алдағы уақытта мұндай қондырғылар ауылдарда да орнатылмақ.
Соңғы жаңалықтар