18:23, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Орал қаласында «Ауған асуында от кешкен әндер» атты облыстық патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылды
ОРАЛ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақпанның 13-інде Оралда облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 20 жыл толуына орай «Ауған асуында от кешкен әндер» атты облыстық патриоттық әндер байқауы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Байқауға он бір ауданнан 22 өнерпаз қатысса, соның он сегізі екінші айналымға өтті. Ақжайықтықтар мен теректіліктер байқау ережесіне сәйкес композициялық көрініс қойса, Тасқаладан вокальды-аспапты ансамбль өнер көрсетті.
Қорытынды гала-концерті облыстық қазақ драма театрында қойылған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.