10:31, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
Орал қаласында әйел мен ер адам аса ірі көлемде есірткімен ұсталды
ОРАЛ. 16 ақпан. ҚазАқпарат - БҚО ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақтөбелік полицейлермен бірлесе жүргізген шара нәтижесінде 12 ақпан күні ірі көлемде героин тасымалдаған Орал қаласының қос бірдей тұрғынын құрықтады.

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, олардың бірі 25 жастағы әйел, екіншісі 38 жастағы ер адам болып шықты. Олар Ақтөбеден Оралға таксимен келген. Тінту кезінде әйелден 205 грамм, ер адамнан 2 грамм героин тәркіленді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 259-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Орал қалалық ішкі істер басқармасы уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.